Алматыда аула сыпырушы қоқыс салатын контейнерден граната тауып алды
11:01, 07 Сәуір 2010
АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Алматыда аула сыпырушы қоқыс салатын контейнерден граната тауып алды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сейсенбі, сәуірдің 6-сында Алматының Орбита-4 ықшамауданында, қоқыс салынатын контейнерден аула сыпырушы Ф-1 гранатасын тауып алды, деп хабарлады ведомстводан.
Бұл күні сондай-ақ, Алматыдағы уақытша сақтау қоймасының аумағынан тұтандырғышы мен капсюлы жоқ калибрі 240 мм жаттығу миномет минасы табылды.
Табылған қауіпті «олжаларды» «Арлан» арнайы жасағының саперлары жоюға алып кетті.