Алматыда бір тәулікте 51 адам коронавирустан жазылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 90 адам коронавирус жұқтырды. Оның 86-да симптом бар, 4-де ауру белгілері жоқ. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

51 адам жазылып шықса, 15 адам ауруханаға жаңадан түсті.

1 330 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 312 адам жатыр, оның ішінде 10 бала бар.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 39 адам жатыр.
13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 7 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.