Алматыда еріктілер Сайран өзені маңын қоқыстан тазартады
22:38, 31 Мамыр 2018
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Триатлоннан өтетін Азия Кубогы қарсаңында 6-маусымда Сайран өзенін тазалау жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматының Сайран жасанды су айдыны қала тұрғындары үшін жайлы демалыс орны. «Алматы марафон» мен Алматы триатлон федерациясы қала əкімдігінің қолдауымен 6 маусымда таңғы 9-да Сайран өзенінің айналасында тазалау жұмыстарын жүргізеді.
«Тамыз айында Алматыда алғаш рет триатлоннан Азия кубогы өтеді. Осыған орай жүргізілетін əлеуметтік шараға спортшылар, қоғам белсенділері мен еріктілер тартылды. Қатысушыларға тазалау құралдары мен қолғаптар беріледі», - деді федерация баспасөз қызметінен.
Экологиялық акцияға қатысуға ниет білдіргендер сәрсенбі күні өзеннің Төле би көшесіндегі шығыс жағына жиналады.
Арайлым Жолдасбай