Алматыда қаланың бағыттық желілерін дамытуға арналған онлайн конференция өтеді

None
АЛМАТЫ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ -  Алматыда    қаңтардың 12-і күні сағат    15.00 ден 17.00-ге дейін «Центр тяжести» www.ct.kz  форумында,

 сонымен қатар Алматы қаласының www.almaty.kz  ресми  интернет-порталында «Алматы қаласының бағыттық желілерін дамыту» тақырыбында онлайн конференция өтеді. Бұл туралы   Алматы   қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 Конференция қонақтары ретінде Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының  вице-президенті Александр Богданчиков, Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Байболат Баймахамбет қатысады. 

 Әр алматылық қоғамдық көліктің бағыттар желісін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарыын niitk@niitk.kz электронды мекен-жайға жібере алады.

Естеріңізге сала кетсек, Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институты қаланың жол-көлік жүйесін оңтайландыру мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу жұмысының басты мақсаты - қазіргі көлік бағыттары мен жолаушылар ауқымын анықтау, көлік  бағыттарын оңтайландырудың маңызы, қоғамдық көліктің инфрақұрылымын зерттеу, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатындардың өндірістік қуатын анықтау, қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту мен жетілдіру бағыттарын белгілеу.