Алматыда KITF - 2010 «Туризм және саяхаттар» атты Қазақстанның халықаралық туристік жәрмеңкесі өтеді

None
АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылғы сәуір айының 21-23 аралығында Алматыдағы Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында KITF - 2010 «Туризм және саяхаттар» атты Қазақстанның Х-шы мерейтойлық халықаралық туристік жәрмеңкесі өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрме Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыруға және нығайтуға, отандық туристік өнімді әлемдік нарыққа шығаруға және елімізге келетін шетелдік туристер ағынын арттыруға бағытталған негізгі іс-шара болып табылады. Жәрмеңке қазақстандық туристік ұйымдарға әріптестік байланыстар орнату мен өзара тиімді келісімшарттар жасау үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесетін нақты тетік болып табылады.
Көрмеге Ұлттық Туристік Әкімшіліктер мен 30-дан астам елден турбизнес өкілдері қатысады деп күтілуде.
Сондай-ақ, көрме шеңберінде елдің басты туроператорларының қатысуымен туристік саланы дамыту мәселелері бойынша республикалық семинар өткізілетін болады.