Алматыда математикадан XXII Азиялық-Тынық мұхиттық және IX «Жібек жолы» олимпиадасы өтеді

None
АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда математикадан XXII Азиялық-Тынық мұхиттық және IX «Жібек жолы» олимпиадасы өтеді, Ол наурыз айының 8-10-ы аралығында, ҚазҰУ мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

XXII Азиялық-Тынық мұхиттық олимпиадаға 38 елдің өкілдері қатысады, оның ішінде Аргентина, Австралия, АҚШ, Бангладеш, Камбоджа, Канада, сияқты елдер бар.

Ал, IX «Жібек жолы» олимпиадасына Ұлы жібек жолы бойында орналасақан Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан, Әзірбайжан және Қытай елдерінің өкілдері қатыспақ.

Олимпиаданың тәртібі бойынша қатысушы елдердің жергiлiктi ұйымдастыру комитеттері басқарушы комитеттің есеп, шартына сәйкес тапсырманы алдын-ала алып, өз елдерінде бір уақытта олимпиадалар өткізеді. Олимпиадалардың дистанциялық тәртіппен өткiзілуі көптеген мектеп оқушыларының аталмыш халықаралық жарысқа қатысуына мүмкіндік беруде.

Биыл Қазақстанның барлық облыстарынан 100-дей жоғары сынып оқушылары қатысады деп күтілуде.