Алматыда «Транзит-ТрансКазахстан-2010» көрмесі өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көлік кешендерінің барлық саласын қамтитын аталмыш шара ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің қолдауымен өтуде. Көрмеде Беларус, Грузия, Қазақстан, Латвия, Литва, Ресей, Украина және Швейцария елдерінен 80 экспонент-компания қатысып жатыр.
Теміржол көлігінің инфраструктурасын еліміздің ұлттық операторларымен қатар Украина, Литва және латвиялықтар да ұсынуда. Ал теңіз көліктері бөлімінде Ақтау, Поти, Рига және Вентспилс порттары қатысуда. Сонымен қатар әр түрлі жүк тасымалдау көліктеренің жабдықтары қойылған.
Бұл жылғы көрмеде де көлік саласындағы маңызды сұрақтар өзекті талқыға айналды. Осы аптада көлік тақырыбында өтетін барлық оқиғалар мен кездесулерде талқыланатын сұрақтар Еуразия халықаралық көлік кешенін дамыту төңірегінде болмақ.