Алматыда Валерий Коренчуктің көрмесі өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрме Қазақстан фотоөнері шеберінің 70 жылдық мерейтойына арналып отыр. Оның жұмыстары әлемнің 45 елінде 662 халықаралық көрмелерде қойылған. Жүздеген құрмет белгілеріне ие. Олардың ішінде Югославиядағы «Алтын көз - 77» Гран-приі, «Әлеуметтік фотоөнері үшін» 8 халықаралық премия, FIAP Халықаралық фотография өнері, Америка, Оңтүстік Африка, Пәкістан фотография қауымдастықтарының алтын медальдары, Италиядағы «Алтын тауыс» клубтық коллекциясы мен «фотожурналистика» саласы бойынша Аргентинадағы «Эль Гаучо» күміс жүлделері бар.
Коренчук «Image san frontier» Еуропа фотография қауымдастығының, Пәкістан фото қауымдастығының және т. б. көптеген халықаралық ұйымдардың құрметті мүшесі болып табылады.
10 күн бойы жалғасатын көрмеде 70 қара-ақ түсті және 30 түрлі-түсті фотолар қойылған. Ашылу салтанатында мереке иесіне «Фотография дамуына қосқан үлесі үшін» Игорь Горбачев атындағы Ресей сыйлығы берілді.