Алматыдағы «Астана» алаңында 31 желтоқсан күні түнде мерекелік шаралар ұйымдастырылатын болады
14:08, 30 Желтоқсан 2011
АЛМАТЫ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 31 желтоқсан күні кешкісін Жаңа жылды көпшілікпен бірге қарсы алуды қалайтын алматылықтар мен қала қонақтары үшін орталық «Астана» алаңында мерекелік шаралар ұйымдастырылатын болады.
Мерекелік концерттік шоуда «Мистерионс», «Kz style» топтары, "A-Tenus " және т.б әртістер өнер көрсетеді, сондай-ақ кеш қонақтары үшін танымал DJ-лердің қатысуымен жаңа жылдық арнайы бағдарлама ұсынылатын болады.
Түнгі он екіге бес минут қалғанда алаңдағы үлкен телеэкран арқылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жылмен құттықтауының бейне трансляциясы көрсетілетін болады. Құттықтаудан соң, дәл он екіде мерекелік отшашу Алматы аспанын көмкеретін болады.
Концерттік бағдарлама түнгі бірге дейін жалғаспақ.