Алматыдағы азаматтық қорғаныс ұйымдары ашық есік күнін өткізуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымдарының (ХАҚҰ) IX қарарына сәйкес, жыл сайын наурыздың 1-і күні Бүкiләлемдiк азаматтық қорғау күнi болып атап өтілуде. Бұл күн үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың, тұрғындарды апаттық аумақтардан құтқару кезіндегі күштерін үйлестіруіне бағытталған.
ХАҚҰ-дың Бас хатшысы Навафа Әл Слейби 2010 жылдың бүкіләлемдік күнін «Медицина апаты» деген ұранмен жариялаған болатын.
Аталмыш күнге орай Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы және уәкiлеттi органдары табиғи апат пен техникалық ақаулардан болатын төтенше жағдайлардан аумақты және тұрғындарды қорғау кезінде көрсетілетін қызметтері жайында ашық есік күнін өткізуде. Шара барысында табиғи апат болған кезде алғашқы жәрдем көрсететін медициналық техникалардың сақадай сай екендігі, олардың соңғы үлгіде жабдықталғандығы айтылды. Сонымен қатар әр техниканың атқаратын мүмкіншіліктері жайында мәліметтер беріліп, олардың кез-келген апатты жағдайда қызмет көрсете алатын әмбебап екені белгілі болды.