Американдықтар адамның ойын оқи алатын болды
07:54, 09 Сәуір 2010
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - «Адамдардың ойларын оқу» ғылыми фантастиканың немесе «спиритикалық» сеанстардың ғана тақырыбы болудан қалған сыңайлы.
Американдық «Интел Корпорейшен» компаниясының мамандары дәл қазіргі сәтте адамның не ойлап отырғанын дәл анықтай алатын компьютерлік бағдарлама жасап шығарды, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Бағдарлама магниттік-резонанстық томографияның көмегімен, бас миының дәл қай бөлігі «ойланып жатқанын» анықтап, бірнеше варианттар ұсынады. Зерттеудің нәтижесінде, 90 пайыз жағдайда - компьютердің зерттеуге қатысқан адам іштен айтқан ең жоқ дегенде екі сөзін экранға дұрыс шығарғанын көрсетіп отыр.