Американың Техас штатын су басып қалды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Мексиканы біраз әбігерге салған қатты дауыл АҚШ-тың Техас штатына да жетті, деп хабарлайды ресейлік «Бірінші арна».

Жел қатты күшейе қойған жоқ, бірақ Далласта және оншақты қалада өткен тәуліктің ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы жауып, көшелер судың астында қалды.

Мыңдаған жүргізушілер судың тұтқынында қалып қойды: машинасы судың астында қалып қойып, бір әйел қаза тапты. Аттракциондар паркі қирап, жүздеген ғимараттарды су басып қалды, тұрғындар шатырларға шығып, құтқарушылардан көмек күтіп отыр.

Тынық мұхиттан басталған тағы бір дауыл бүгін Жапонияға жетті. Хонсю аралында жолдарды су басып қалды, теміржол қатынасы үзілді. Арнасынан тасыған өзендер бірнеше көпірді шайып әкетті.