Амур облысында жолбарыс балаға шабуыл жасады
15:27, 04 Қаңтар 2012
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Амур облысында жолбарыс балаға шабуыл жасады. Бұл оқиға хайуанаттар бағында болды, деп хабарлады ТЖМ-нің аймақтық бөлімінен.
Куәгерлердің айтуынша, жолбарыс балаға ата-анасы онымен бірге суретке түспек болған кезде шабуыл жасады. Жолбарыс баланы тырнағымен қармап, басып қалды.
Бала Благовещенск қаласындағы Амур облыстық клиникалық ауруханасының нейрохирургиялық бөліміне ауру халде жеткізілді. Мамандар оның жағдайын ауыр деп бағалайды. Жолбарыс шабуылы кезінде бала басынан зақымданып, жырымдалған жарақаттар алған.
Оқиға дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Қылмыстық істі қозғау мәселесі шешіліп жатыр. Жыртқыштың тағдыры әзірше белгісіз. Бұл туралы РБК хабарлайды.