Аралда ақындар айтысы болып өтті - Қызылорда облысы
13:10, 08 Қыркүйек 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал қаласында өткен Арал ауданының күнінде ақындар айтысы да болып өтті.
Онды суырыпсалма сөз сайысына қатысқан айтыскерлер «Аралым - айдын шалқарым» деген тақырып бойынша өзара күш сынасты. Нәтижесінде бірінші орынды қызылордалық Нұрдәулет Махамбетов жеңіп алды. Оған бас бәйге ретінде жеңіл көлік сыйға тартылды. Ақындар бәсекесіне белгілі ақын Қадыр Мырза Әлі бастаған қазылар төрелік жасады.