Астана арландары жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана арландары» Бүкіләлемдік бокс сериясының жетінші маусымын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәскеуде Ресейдің «Patriot Boxing Team» командасымен күш сынасқан жерлестеріміз 3:2 есебімен басым түсті. Арландар сапында өнер көрсеткен Ілияс Сүлейменов, Әбілхан Аманқұлов Антон Пинчук жеңіске жетсе, Теміртас Жүсіпов пен Ділмұрат Мижитов қарсыласына есе жіберіп алды.

«Астана арландары» келесі кездесуін 18 ақпан күні Талдықорғанда «Узбек Тайгерс» клубына қарсы өткізеді.