Астана қаласындағы Локомотив-құрастыру зауытында «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясы жанындағы кеңестің көшпелі отырысы өтеді
11:08, 01 Наурыз 2010
АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - Ертең, наурыздың 2-сі күні, Астана қаласындағы Локомотив-құрастыру зауытында «Нұр Отан» ХДП Мәжілістегі Фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл отырыста «Елді жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамытуды іске асырудың жолдары» деген тақырып төңірегінде мәселе қозғалады.
Отырыста ҚР Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешов, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ президентінің орынбасары Ерік Сұлтановтар баяндама жасайды деп күтілуде. Сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Владимир Бобров, Мейрам Пішембаев, Иван Чиркалин сөз сөйлейтіні жоспарлануда.
Көшпелі отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар жасалады.
Көшпелі отырыс Индустрия парктің конференц-залында Кенжеғали Сағадиевтің төрағалығымен өтеді.