Астанада 7-ші Қазақстандық халықаралық «Астана Денсаулық 2010» көрмесі ашылды

None
СТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында 7-ші Қазақстандық халықаралық «Астана Денсаулық 2010» көрмесі ашылды.

Көрмеге әлемнің 14 елінен, атап айтқанда, Беларус, Германия, Израиль, Қазақстан, Қытай, Корей, Латвия, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина және Чехиядан 100-ден астам компания қатысуда.

«Бұл шараның Қазақстанның денсаулық сақтау саласы үшін де, халықаралық қоғамдастық үшін де маңызы бірдей зор. Бүгінгі күні бұл көрмені тек ұйымдастырушылар мен қатысушылар ғана емес, сонымен бірге осы жүйенің мамандары да асыға тосады. Себебі, олар диагностика жасау, емдеу, алдын алу және оңалту бағыттарындағы жаңа жабдықтар мен технологияларды күтеді», - деді көрменің салтанатты ашылуында сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Салидат Қайырбекова.

«Астана Денсаулық» көрмесі - медицина саласы мамандары үшін тәжірибе алмасып, ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарымен танысу үшін - бірегей алаң. Көрме 6 жыл бойы медициналық қызмет көрсетулердің сапасын, медициналық персоналдардың кәсіптік деңгейін арттыруға жаңа медициналық технологияларды тәжірибеге енгізуге ықпал етіп келеді. Сонымен қатар көрме, шетелдік инвестицияларды Қазақстанның медициналық индустриясына тартудың қуатты құралы болып табылады.

Үш күнге жалғасатын шара барысында әртүрлі тақырыптарға арналған семинарлар өткізіледі.