Астанада айдап кеткен шетелдік машина Ақмола облысынан табылды
10:37, 02 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанадан айдап кеткен шетелдік машина Ақмола облысынан табылды, деп хабарлады елорда ІІД-ің баспасөз қызметі.
«Мерседес» маркалы автомашинасының жоғалғаны туралы Астана қаласының ІІД-іне 26 жастағы елорда тұрғыны шағым берген. Зардап шегуінің айтуынша, оның машинасын түнде тұрғылықты жеріндегі ауладан қуып әкеткен.
Жедел-іздестіру шараларының барысында Ақмола облысындағы Есіл қаласынан машина ұрлауға күдікті бұрын сотталған 22 жастағы Ақмола облысының тұрғыны ұсталды. Машина иесіне қайтарылды.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК 185-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам Есіл қаласының уакқытша оқшаулау абақтысына қамалды.