Астанада «Допинг» іс-шарасы барысында заңсыз айналымнан 19 келіден астам есірткі заттары мен прекурсорлар алынды
Іс-шара қала аумағына контрабандалық жолмен жеткізіліп, шығарылып жатқан арналарды сонымен бірге, бақылауға жататын психотроптық заттар мен прекурсорларды тіркеуді бұзу фактілерін анықтауға бағытталды.
Шара басталғалы 5 қылмыстық іс қозғалды, олардың біреуі - есірткіні сатумен айналысқан тұлғаға қатысты. Сонымен бірге, 3 әкімшілік құжат толтырылып, прекурсорларды сақтау және тіркеуді бұзуға қатысты 2 факті анықталды.
Барлығы заңсыз айналымнан 19 келіден астам есірткі заттары мен прекурсорлар тәркіленді, оның 13 грамы - героин.
Ішкі істер департаментінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері «Рубеж» бекеттерінде есірткіні тасымалдаудың 78 фактісі анықталды: заңсыз айналымнан 55 келі есірткі алынды, 10 адам қылмыстық, 68- әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды.