Астанада дүкендердің бірінде болған өрт кезінде бір әйел қаза тапты - Төтенше жағдайлар министрлігі

None
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Астанада дүкендердің бірінде болған өрт кезінде бір әйел мерт болды,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпараты бойынша, өрт бейсенбі күні сағат 03.45-те Сарыарқа ауданында Герцен және Новая көшелерінің қиылысында орналасқан «Бұлқият» дүкенінде орын алған. Дүкеннің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайды. Өртті сөндіру кезінде оқиға орнынан бір әйелдің мәйіті табылды, оның тұлғасы әзірге анықталған жоқ.

Өрт ошағы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің күшімен сағат 07.12-де ауыздықталды.