Астанада «Ежелден ер деген, даңқымыз шықты ғой...» атты концерт өтті
20:57, 05 Мамыр 2009
АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кеңсесінде «Ежелден ер деген, даңқымыз шықты ғой...» атты концерт өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мерекелік шара Жеңіс күні меркесіне арнайы ұйымдастырылып отыр. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері «Нұр Отан» партиясының қолдауымен және партия өткізгелі отырған «Ұлы Жеңіс ? ұрпаққа аманат» республикалық акциясының аясында ұйымдастырды. Мерекелік жиынға Ұлы Отан соғысының және ауған соғысының ардагерлері, сондай-ақ тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстарда болған ардагер азаматтар қатысты. Шара барысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері соғыс ардагерлері мен олардың ерліктері жөнінде баяндап, оларға тағзым етті. Өз кезегінде ардагер азаматтар да Ұлы Отан соғысы жайындағы, ондағы қазақ жауынгерлерінің ерлік қимылдары жөнінде әңгімеледі. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Нұрсәт» әскери-эстрадалық ансамблі ардагерлерге арнап, сахналық қойылымдар қойып, ән шырқады.