Астанада Финляндияның Қазақстандағы елшілігі ашылады

None
АСТАНА. Наурыздың 1-і.т ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Астанада Финляндияның Қазақстандағы елшілігі ашылады. Бұл туралы бүгін әлемге танымал фин опера әншісі Рийка Хаколаның сапарына арналған баспасөз мәслихатында Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Микко Киннунен мәлім етті.

«Осы аптада бізді көптеген жұмыстар күтіп тұр. Бүрсігүні, наурыздың 3-інде Финляндияның Қазақстандағы елшілігінің ресми ашылуы болады. Бұл шараға қатысуға Финляндия Республикасының сыртқы сауда және даму министрі Пааво Вяюрюнен келеді. Министр мырзамен бірге үлкен бизнес-делегация - 40 фирманың өкілдері келуі күтілуде», - деді М.Киннунен.

Елші наурыздың 4-інде «Рэдиссон» қонақүйінде қазақстан-фин бизнес-форумы өтетінін атап өтті. Осындай форум жұма күні Алматыда да өтпек.

Финляндия елшілігі Есіл өзенінің жағалауындағы «Астана-Тауэр» ғимаратында орналаспақ.