Астанада иіс тиіп 2 адам көз жұмды - ҚР ТЖМ
08:58, 30 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада «РПБ-1» саяжай қоғамдастығындағы жер үйде пештің ақауы салдарынан ысты газға уланып,
32 жастағы әйел мен тұлғасы анықталмаған 35-40 жас шамасындағы ер адам мерт болды.
ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін түнде орын алды.