Астанада конькимен жүгіруден Азия чемпионаты өтеді

None
АЛМАТЫ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайында 7-8 қаңтарда конькимен жүгіруден ересектер және жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді.

 Онда ел намысын жеке қашықтықтар бойынша  ерлер арасында да,  әйелдер арасында  бес-бестен спортшы қорғамақ.   Вадим Саютин жаттықтыратын ұлттық құрама бұл дүбірлі додаға дайындығын 2 қаңтарда бастаған болатын. Олар 27-28 желтоқсан күндері осында конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан чемпионатында іріктелген еді.  Бұл ел біріншілігінде 1-3 орынды әйелдер арасында қызылжарлық  Елена Урванцева, алматылық  Ирина Шумихина, астаналық Ольга Жигина өзара бөліскен болатын. Ал ерлер арасында қызылжарлық Дмитрий Бабенко, семейлік Евгений Назаренко мен астаналық Виталий Мальгинов үздік  атанды.