Астанада Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысы ішінара жабылады
09:14, 20 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Д.Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізеді.
— Осыған байланысты 20 шілдеде аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет, — делінген хабарламада.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Бұған дейін Астанада құрылыс алаңында кран аударылып, жұмысшы қаза тапқаны туралы жазғанбыз.