Астанада өтетін қазақ-фин бизнес-форумына 50-ден астам финдік бизнесмендер қатысады

None
аурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең Астанада Финляндия мен Қазақстанның іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум өтеді. Оған 50-ден астам фин бизнесмендері келіп отыр. Бұл туралы бүгін Астанада Финляндияның Қазақстандағы елшілігінің ашылу рәсімінде Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі Пааво Вяйрюнен айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Финляндия бизнесмендерінің ауқымды тобының келуі финдік кәсіпорындардың Қазақстанға зор қызығушылық танытып отырғанын білдіреді. «Біздердің сауда-саттық саласындағы өзара қарым-қатынастарымызды дамыту үшін жаңа елшілік өз қызметін бизнес-форум ұйымдастырудан бастайды. Бұл финдік және қазақстандық бизнесмендердің бір-бірін жақын танып, байланыс орнатуы үшін қажет. Бизнес-форум ертең Астанада, бүрсігүні Алматыда өтетін болады», деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанға келген делегацияның ішінде Финляндия үшін дәстүрлі салаларда жұмыс істейтін компаниялардың өкілдері, сонымен бірге телекоммуникация, қоршаған ортаны қорғау, таза технологиялар салаларында қызмет жасайтын компаниялардың өкілдері бар.

«Әлемдік қаржы дағдарысы басталғанға дейін Финляндия мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 1 млрд. доллардан асып жығылды. Біз Қазақстаннан энерготасымалдағыштар және пайдалы қазбалардан жасалатын әртүрлі өнімдер сатып аламыз. Біз Қазақстанның экономикасы мен экспорты әртараптанып, ынтымақтастықтың жаңа салалары пайда болады деп үміттенеміз. Қазақстанда 30-дан астам финдік компаниялар жұмыс істейді. Ол компаниялардың қатары көбейетін болады», деді П. Вяйрюнен.