Астаналықтардың жалақыға қатысты шағымдарын ведомствоаралық комиссия қарайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі және Бас прокуратура «Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» жобасын жүзеге асыруда.

Кешенді жоспар аясында Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының негізінде Ш.Иманбаева көшесі, 16 үй, 300, 302, 304 кабинеттерде азаматтардың еңбекақы немесе өндірістік жарақат төлемінің кешігуі туралы өтініштерін қарайтын ведомствоаралық алаң құрылды.

Ведомствоаралық комиссия әр дүйсенбі және сәрсенбі күндері 15.00-18.00 аралығында жұмыс істейді.

Жедел желі нөмірі: 8-775-353-74-99, 21-04-92

Электронды адрес: astana_trud@mail.ru