Астықты тасымалдау жоспарланған көлемнен артық орындалды - Көлік және коммуникация министрлігі

None
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат  - «2011 жылдың басынан астықты темір жол арқылы тасымалдау көлемі 7 миллион  94 мың тоннаны құрады. Бұл жоспардағы көрсеткіштен 28 пайызға артық», - деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылы астықты тасымалдау көлемі қыркүйектен желтоқсанға дейін 4 миллион 529 мың тоннаны құрады. Бұл жоспардағы көрсеткіштен 33 пайызға көп. Оның 2 миллион 704 мың тоннасы экспортқа жөнелтілді. Бұл да жоспардағы көрсеткіштен 8 пайызға артық.  Осылайша, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамы Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының элеваторларынан оңтүстік облыстарға 500 мың тонна көлемінде астықты тасымалдау  жобасын толықтай және белгіленген мерзімдерде орындады.