Атбасарда тілсіз жау бір адамның өмірін жалмап кетті

None
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Атбасар қаласында жатаған үйде өрт шығып, оны сөндіру барысында зейнеткердің мәйіті табылған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға өткен күнгі кешкі 18 сағат 40 минутта тіркелген. Өртке қарсы күрес құрылымының қызметкерлері оқиға болған жерге жеткенше жалын тілі тұрғын үйдің 80 шаршы метрін шарпыған. Өрт салдарынан үй иесі Ю.есімді азаматша опат болған. Қазір құзырлы орган өкілдері өрттің шығу себебін, келтірілген зиян мөлшерін анықтауда.