Атырау облысында стартап-жобаларға қомақты қаржы бөлінбек
11:36, 25 Наурыз 2018
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында стартап-жобаларды жүзеге асыруға 600 млн теңге бөлінеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Атамекен» ҚР ҰКП бұл қаржыны бөле отырып, аймақта 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын іске асыруды жалғастырмақ.
«600 миллион теңгенің барлығы стартап-жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Бұл «Бастау бизнес» жобасы үшін көмек болмақ. Осы қаржыландырудың арқасында көптеген бизнес-жобалардың ашылатынына үміттенеміз, демек жаңа жұмыс орындары құрылады. 600 миллион теңге дегеніміз - шамамен 200 бизнес-жоба. Бір бизнес-жобаның кем дегенде 2-3 жаңа жұмыс орындарын беретінін есепке алсақ, қосымша қаржыландыру арқылы тек Атырау облысында 700-800 жұмыс орны ашылады», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП бизнес-коммуникацияны дамыту департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев.