Атырауда денсаулық фестивалі өтті
16:04, 13 Қыркүйек 2010
АТЫРАУ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Өткен демалыс күндері Атырауда жүздеген қалалықтардың қатысуымен денсаулық фестивалі болып өтті.
Спорттық шаралардың басым бөлігі Жайық өзенінің жағасында өткізілді. Бұл жерде бұқаралық жеңіл атлетикалық жүгіріс, велосипедшілер, ролик тебушілер арасындағы жарыстар ұйымдастырылды. Денсаулық фестиваліне арналған спорттық іс-шаралар демалыс күндері облыс орталығындағы басқа да ірі шағын аудандарда өткізілді.
Жеңімпаздардың барлығы бағалы сыйлықтармен қатар, грамоталарға ие болды.