Атырауда Германия консулдығы ашылады
14:41, 11 Қыркүйек 2010
АТЫРАУ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Жақын арада Атырауда Германия консулдығы ашылады. Бұл туралы аймақта сапармен жүрген Германияның Алматыдағы Бас консулдығының мәдениет және экономика мәселелері жөніндегі атташесі Аней Зайферт мәлім етті.
«Консулдық Германия мен Қазақстанның ең маңызды стратегиялық өңірінің бірі саналатын және экономиканың түрлі салаларында көптеген неміс компаниялары жұмыс істеп жатқан Атыраудың арасындағы қарым-қатынастарды әрі қарай дамыту мақсатында ашылады»,- деді А.Зайферт ханым өз сөзінде.