Атырауда иттің мойнына кірпіш байлап, Жайық өзеніне лақтырып кеткен
«Бірден Жайық өзенінің жағасына жеттік. Иттің жағада жатқанын көрдік. Оның мойнына ұзын жіппен кірпіш тас байланған. Судан қалай шыққаны белгісіз. Бірақ, ит тірі болғанымен, еш қозғалыссыз жатты. Соған қарағанда, судан шығу үшін біраз арпалысқан болуы керек. Ит кішкентай, бірақ оны көтеріп, жағадан әрірек әкету қиынға түсті. Оны көтерген себебіміз, жануардың аяғы да байланған», - дейді Мамучар Джабасов.
Волонтерлер итті дереу үйге әкеліп, барлық қажетті реанимациялық процедураларды жасаған. Кейін ит тамақтана бастаған. Бірақ, әлі тұра алмайды.
Атырауда мұндай жайт алғаш болып отырған жоқ. Үш жыл бұрын Атырау тұрғыны иттің мойнын тоңазытқыштың есігіне қысып, азаптаған тұғын. Кейін сол жануарды АҚШ азаматы асырап алған еді. АҚШ, Франция, Канада, Ресей азаматтарынан итті асырап алуға ұсыныс түскен. Жергілікті волонтерлер итті Лаки деп атаған. Төрт аяқтының жаңа қожайыны оны Калифорния штатына ұшақпен алдырған.
Кейін Атырауда көлігімен ит сүйреген жүргізуші туралы жазған болатынбыз.