Ауа райы көлік қатынасын қайта қиындатты - Көлік және коммуникация министрлігі

None
АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Сәуірдің 1-індегі сағат 08.00-дегі жағдай бойынша, Ақтөбе облысында нөсерлі жаңбырдың салдарынан қиыршық тас жол учаскесінде лайлы шалшық пайда болды.

Жол жүрудің қиындауына байланысты Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз автожолының Берсүгір - Шалқар учаскесінің 120-257 шақырымдарында автокөліктің барлық түрлеріне жол қозғалысы шектелді. Қозғалыс шектелген учаскеде 3 техника жұмыс жасауда.

Ал Шығыс Қазақстан облысында ұйтқыма жел мен боранның және жолдың көрінбеуі салдарынан автокөліктің барлық түрлеріне жол қозғалысы шектелді: атап айтқанда, Қарағанды - Аягөз - Бұғаз автожолының Тарбағатай - Ақсуат учаскесінің 794-900 шақырымдары, Өскемен - Зырян - Рахман бұлақтары автожолының Өскемен -Северное учаскесінің 0-46 шақырымдары жабылды. Қазір ол учаскелерде 122 техника жұмыс істеуде.

Автомобиль жолдарының жағдайы бойынша шұғыл ақпаратты тәулік бойы жұмыс жасайтын диспетчерлік қызметтердің телефоны арқылы алуға болады: (7172) 23-89-25, 23-89-34. Дәл осындай диспетчерлік қызметтер барлық аймақтарда бар.

Байланыс телефондары:

Ақмола облысы /7162/ 77-10-15

Алматы облысы /7272/ 95-80-09, 95-88-74

Ақтөбе облысы /7132/54-46-42, 54-40-36

Атырау облысы /7122/ 29-01-44, 29-21-80

Шығыс Қазақстан облысы /7232/ 26-28-08, 24-08-98

Жамбыл облысы /7262/ 31-50-83, 31-60-05

Батыс Қазақстан облысы /7112/ 51-08-80, 51-06-10

Қарағанды облысы /7212/ 73-40-01

Қостанай облысы /7142/ 55-82-25, 55-82-30

Қызылорда облысы /7242/ 27-64-85, 27-77-06

Маңғыстау облысы /7292/ 60-53-06, 60-53-07

Павлодар облысы /7182/ 57-09-44

Солтүстік Қазақстан облысы /7152/ 36-74-39

Оңтүстік облысы /7252/ 55-80-95