Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Шығыс Қазақстанда республикалық маңыздағы жолдар жабылды
13:03, 08 Сәуір 2010
ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Шығыс Қазақстанда Омбы-Қарой-Аршалы және Өскемен-Тарғын-Самара республикалық тас жолдары жабылды,
деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінен.
Сәуірдің алғашқы аптасында Көкпекті ауданындағы Көкпекті-Қалбатау тас жолында көлік қозғалысы тоқырап, 123 адам қар құрсауында қалып қойды.