Ауғанстанда содырлардың шабуылдары туралы тікелей репортаждарға тыйым салынды
15:31, 02 Наурыз 2010
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Ауғанстанда содырлардың шабуылдары туралы тікелей теле- және радио репортаждарға тыйым салынды,
деп хабарлайды «Азаттық» радиосынан.
Өкіметтің пікірінше, мұндай репортаждар экстремистерге өз іс-қимылдарын үйлестіруге көмектесуі мүмкін. Тыйым салып отырған арнайы қызметтер, ұлттық қауіпсіздік туралы заңның баптарының біріне сілтеме жасап отыр.
Ауған билігінің өкілдері, жақында Кабулде осындай шабуылдың үстінен берілген телерепортаждың тәлібтерге қауіпсіздік күштерінің дайындап жатқан қарымта шабуылы туралы дереккөз болғанын мәлім етіп отыр.