Айдан аюдың басына ұқсас бейне көрінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уфологтар Айдың суретінен аюдың басына ұқсайтын бейне көрді. Американың NASA ғарыш агенттігі YouTube-қа суреттер түсірілген видеороликті жүктеген, деп жазады Росбалт.

Расында, бейнероликте көрінген бейне көзі, ауызы және мұрыны байқалатын бас сүйекке қатты ұқсайды.

Бұған дейін уфологтар Google Moon картасын зерттей келе Айдан 6 мұнара тапқанын мәлімдеген. Болжам бойынша оларды бөгдепланеталықтар салған.

2017 жылғы наурыз айының ортасында бірқатар көрермендер NASA сайтында жарияланған LRO орбиталық зонды түсірген айдың суреттерінен басқапланеталықтардың базасын көргендерін айтқан.