Айуандықпен қызды өлтірген қылмыскердің ісі сотқа берілді
11:36, 25 Ақпан 2010
ОРАЛ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО прокуратурасының арнайы прокурорлар тобы Б.Кереевке қатысты ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі «д, к» тармағы, 24-бабы 3-бөлімі, 121-бабы 1-бөліміне сәйкес қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтап, сотқа берді.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Б.Кереев өткен жылғы желтоқсанның 8-інде түнгі 2-де мас күйінде С.Клюшниковтің автокөлігімен «Сабантой» кафесі маңынан жас қыз Д.Ізтелеуованы зорлап алып кетіп, ақыры қала сыртына апарып, оны таспен, таяқпен соғып, қорлап өлтіреді.