Әзірбайжан мемлекеттік телеграф агенттігі 90 жылдығын атап өтуде
16:03, 01 Наурыз 2010
БАКУ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Бүгін Бакуде Әзірбайжанның мемлекеттік телеграф агенттігінің (ӘзірТАдж) 90 жылдық мерейтой шаралары басталды.
Әзірбайжан Президенті Әкімшілігінің қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі Әли Ғасановтың мәлім еткеніндей, бүгін Әзірбайжанның байырғы агенттігі саналатын ӘзірТадж үшін ғана емес, барлық әзірбайжандық бұқаралық ақпарат құралдары үшін де маңызды күн болып табылады.
Агенттіктің мерейтойына Әзірбайжанның мемлекеттік құрылымдарының өкілдерімен қатар, әлем елдерінің, оның ішінде Ресей, Жапония, Оңтүстік Кореяның ақпарат агенттіктерінің басшылары шақырылып отыр. Бұл шараға сондай-ақ, «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дәурен Дияров та қатысуда.