Б.Әбдішев Президенттің жоғары сенімін ақтайды деп білемін - С.Ахметов

None
АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қарағанды облысының жаңа әкімін таныстырды.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қарағандыда С.Ахметов облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, депутаттарға Президенттің облыс әкімі қызметіне Бауыржан Әбдішевтің кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқып берді. Депутаттар Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Сессия аяқталған соң С.Ахметов облыс активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды.

«Жаңа әкімнің алдына маңызды міндеттер қойылды. Мемлекет басшысы Қарағанды облысының дамуына айрықша көңіл бөледі. Б.Әбдішев Президенттің жоғары сенімін ақтайды деп білемін»,-деді С.Ахметов.

Сондай-ақ С.Ахметов облыстың бұрынғы әкімі Әбілғазы Құсайыновқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Ә.Құсайыновтың ҚР Кәсіподақтары Федерациясының төрағасы болып сайланғаны белгілі.