Бакуде Қазақстан Конституциясының 15 жылдығы атап өтіледі
12:51, 25 Тамыз 2010
Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Қазақстанның Әзірбайжан Республикасындағы Елшісі Серік Пірімбетов тамыздың 30-ында Бакуде, «AYF Palace Hotel» қонақүйінің мәслихат залында баспасөз мәслихатын өткізеді.
Бұл шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына, сондай-ақ тамыздың 29-ында атап өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күніне орайластырылып отыр.
Оған қоса, Елші баспасөз мәслихатының аясында қазақстан-әзірбайжан екіжақты қарым-қатынасының ағымдағы жағдайы және қос тарап делегацияларының қатысуымен жоспарланып отырған маңызды шаралар туралы баяндайды.