Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген хабарлама жалған

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM –  Әлеуметтік желілерде Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген хабарлама таратылып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

— Әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген қауесеттер таратылып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтындығы туралы ресми түрде мәлімдейміз. 

Жалған мәлімет тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық білім беру мекемелері полиция қызметкерлерімен тексерілді — ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ, — делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқан адамдарды анықтау және ұстау үшін ауқымды жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

— Қарағанды облысының полиция департаменті терроризм актісі туралы әдейі жалған хабар таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Балқаш қаласының тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға, арандатушылыққа ермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, — делінген хабарламада.

Айта кетелік 2 қыркүйекте Алматы әуежайының халықаралық рейстер тіркеу орнында болды. Көршілес елдің 18 жастағы азаматы әзіл ретінде багажында «атом бомбасы» барын айтқан.