Балқашта көлінде үрлемелі қайыққа мінген қызды жел алып кетіп, құтқарушылар көмекке келді

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, оқиға Қарағанды облысының Торанғалық ауылында Балқаш көлінің жағалауында болған.

Құтқарушылар кезекті патрульдеу кезінде 2009 жылы туған қызды құтқарып, жағаға жеткізді.

- Белгілі болғандай, үрлемелі мартаспен жүзіп жүрген қызды күшті жел алып кеткен. Құтқарылған қыз медициналық көмекке мұқтаж болмады. ТЖМ суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады, - делінген хабарламада.

Осыған дейін Маңғыстауда «КазАзот» зауытындағы оқыс оқиғадан жұмысшылар зардап шеккені туралы жаздық.