«Барселона» Испания Суперкубогы үшін алғашқы ойында 0:4 есебімен ойсырай ұтылды
07:49, 15 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания Суперкубогын сарапқа салып жатқан «Атлетик» пен «Барселона» Бильбао қаласында алғашқы кездесуін өткізді. Онда ешкім күтпеген нәтиже тіркелді. Испанияның ғана емес, күллі Еуропаның үздік командасы болып саналатын каталондықтар жергілікті ойыншыларға 0:4 есебімен жеңілді.
Ойын есебін 13-ші минутта қорғаушы Микель Сан-Хосе ашты. Осыдан кейін баскілердің шабуылшысы Ариц Адурис қарсыластар қақпасын үш мәрте дәл көздеп, хет-трик авторы атанды.
Қарымта кездесу Барселонада дүйсенбі күні өтеді. Суперкубок иегері екі ойын қорытындысы бойынша анықталады. Жеңіске жету үшін Барселонаға өз алаңында қарсыласты бес доп айырмасымен ұту қажет.
Испания Суперкубогы. Финал
Атлетик Б (Бильбао) - Барселона (Барселона) - 4:0
Гол дар : Сан-Хосе, 13 (1:0); Адурис, 53 (2:0); Адурис, 62 (3:0); Адурис, 68 (4:0, пен).