Бас прокуратура еліміздегі азық-түлік корпорацияларының ұлттық қор қаржысын игеру жұмыстарына қосымша тексеру жүргізуде

None
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бас прокуратура еліміздегі азық-түлік корпорацияларының ұлттық қордан дағдарыстың салдарын еңсеру мақсатында бөлінген қаржының игерілу жұмыстарына қосымша тексеру жүргізуде.

Бұл туралы бүгін құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысында Бас прокурордың орынбасары Асқат Дауылбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәліметтеріне қарағанда, өткен жылы прокуратура органдары еліміздегі ұлттық қордың есебінен бөлінген қаржыға астық сатып алу мәселесіне байланысты тиісті тексеру жүргізген. Мұнда астықты сатып алу тәртібі мен шарттарын бұзуға қатысты кемшіліктер анықталған. «Жалпы ұлттық қор қаржысы арқылы бөлінген қаржыға барлығы 2,5 миллионға жуық тонна астық сатып алынған болса, олардың 4,3 пайызы бойынша астықты сатып алу тәртібі

мен шарттары бұзылған. Сонымен қатар, Азық-түлік корпорациясы өкілдерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен астық жиынтығына қатысты жалған мәліметтер негізінде де сатып алғаны анықталды. Осындай заңға қайшы әрекеттердің 13 оқиғасы орын алып, соның нәтижесінде 40 мың 869 тонна астық сатып алынған», деді Бас прокурордың орынбасары.