Батыс Қазақстанда 1,8 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды

None
ОРАЛ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы қаңтарда 1,8 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл өткен жылғы осы айдағыдан 26,5 пайызға кем. Құрылыс жұмыстарының 42,6 пайызы - Бөрлі, 18,7 пайызы Зеленов ауданында, 33,6 пайызы Орал қаласында орындалып отыр.

Бір айда 45 жаңа ғимарат пайдалануға берілді.