Батыс Қазақстанда биыл 91,2 млрд. теңгеге 19 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ
08:28, 03 Наурыз 2010
РАЛ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл 91,2 млрд. теңгеге 19 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, бұл 1233 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 2011 жылы 148 млрд. теңгеге бағаланған екі жоба іске асырылып, 44 жұмыс орны пайда болмақ.
Индустрияландыру картасы аясында 2009 жылы 76,7 млрд. теңгеге 29 жоба іске қосылып, 1398 жұмыс орны құрылған болатын.