Батыс Қазақстанда мал азығын дайындау жоспары артығымен орындалды
17:22, 07 Қыркүйек 2010
ОРАЛ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 987,60 мың тоннаның орнына күні бүгін 997,59 мың тонна мал азығы дайындалды немесе жоспар 101,0 пайызға орындалып отыр.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Марат Оңғарбековтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, 2009 жылы осы кезеңде 792,60 мың тонна шөп (80,3 пайыз) әзірленген болатын. Сол себепті өткен қыста кейбір ауылдар мал азығынан тапшылық көріп, қысылып қалған еді. Бұдан биыл шаруалар тиісті сабақ алды. Тасқала ауданы биыл өз жоспарын - 108,1, Қазталов - 106,6, Жаңақала - 103,4, Жәнібек 102,3 пайызға орындаса, Қаратөбеден басқа аудандар мен Орал қаласы да межеден көрінді. Облыс бойынша 2688,88 мың гектар (өткен жылы - 2621,50 мың гектар) шабындыққа шалғы түсіп, әр гектардан 3,7 центнерден (2009 жылы - 3,0 центнер) өнім алынды.