Беларус Президенті 2010 жылы Қазақстанға сапар жасайды
ЕҚЫҰ-ның Минск кеңсесінің ұжымымен және саяси партиялардың өкілдерімен болған кездесуде Қ.Саудабаев, елдің Сыртқы істер министрі Сергей Мартыновпен болатын келіссөзде екіжақты қарым-қатынастың ауқымды проблемаларын талқыламақ екенін айтты. Келіссөздің күн тәртібіне сондай-ақ, Александр Лукашенконың Қазақстанға жоспарланған алдағы сапарымен байланысты мәселе де енгізіліп отыр.
Қ.Саудабаев өз сөзінде, екі елдің арасындағы қарым-қатынастың тарихи тамыры терең екенін және бүгінде сол қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтеріліп отырғанын атап көрсетті. Екі ел Ресеймен қосылып, өзара терең ынтымақтастыққа негіз болатын Кеден одағын құрды.
Қ.Саудабаев, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылдың қараша айында Беларус еліне жасаған ресми сапарының Астана мен Минскінің арасындағы байланыстарды нығайтуға қосымша серпін беріп отырғанын еске салды.