Беларустің және Ресейдің өнеркәсіпшілері наурызда кедендік саясаттағы бірлескен іс-қимылдарды талқылайды

None
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Беларустің өнеркәсіп министрлігі мен Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрлігі наурызда кедендік саясаттағы бірлескен іс-қимылдарды және ынтымақтастықтың басқа да мәселелерін талқылайды.

Бұл жөнінде Беларусь өнеркәсіп министрінің орынбасары Геннадий Свидерский «Беларусь пен Ресейдің бизнес-ынтымақтастығын дамытудың перспективалары» атты Беларусь-Ресей экономикалық форумында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА сайтына сілтеме жасап.

Геннадий Свидерскийдің айтқанындай, 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Беларусь, Ресей және Қазақстан Кедендік одағы жұмыс істей бастады. «Бұл Одақтық мемлекеттің біртұтас өнеркәсіптік саясаты. Біздер Одақтық мемлекеттің рыногына қатысу үлесін ұлғайтуда және Кедендік одақтан тыс елдерде бәсекеге қабілетті өнімдерді жеткізіп беруде қатынастарымызды үйлесімді түрде құра аламыз», - деді министрдің орынбасары.